Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді
Алматы облысында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин режимінің сақталуын учаскелік инспектордың тексеру барысында, көлік құралын басқару құқығынан айырылған масаң күйдегі мотоцикл жүргізушісі ұсталды. 26 сәуір күні сағат 23.30 шамасында Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзі қызмет көрсететін Шонжы ауылындағы учаскені аралап жүріп, көшелердің бірінен мас мотоцикл жүргізушісін байқаған.
Тәртіп сақшысы күдікті азаматты бірден куәландыруға жеткізген. Куәландыру күдіктінің мастықтың орташа дәрежесінде екендігін көрсеткен. Ұсталған азаматтың жеке басын тексеру барысында 36 жастағы Шонжы тұрғынының 2019 жылдың қараша айында дәл осындай құқық бұзушылығы үшін үш жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылғандығы анықталды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мотоцикл айып тұрағына қойылды. Күдікті азамат мекен жайын өзгерпеу туралы қолхатпен босатылды.