Алматыда біреулер психолог әйелді соққыға жықты

01.08.2019 19:32

Светлананың шырқыраған даусын естіген көршісі оны арашалап қалды

Алматыда белгілі психолог Светлана Донченко (Светлана Божко) бұзақылардың қолынан өліп қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгісіз біреулер оны кастетпен ұрып кеткен. Бұл туралы психологтың қызы Анастасия Букина ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Оның айтуынша, оқиға 20 шілдеде болған. Кешкісін екі адам келіп, Светлана Донченкодан жөн сұрамақ болған.

«Сол сәтте ер адам келіп, кастетпен маңдай тұсынан ұрған. Бұрынғы түрінен ештеңе қалмады. Жақ сүйегі, мұрны сынған. Гаймор қуысы қалпына келмейді. Миы шайқалған. Бет-аузы ісіп кеткен, қанталап тұр. Мұрын сүйектері шашылып кеткен. Көз жүйкесі қысылып қалған. Сынған сүйектердің орнына титан қойылды. 4 сағат бойы екі ота жасалды. Бір де бір хирург ота жасауға бел шешіп кірісе қоймады. Анамның отасына  1 млн теңгедей жұмсалды», - деді жәбірленушінің қызы Анастасия Букина.

Оның айтуынша, бұл қылмыс тапсырыспен жасалуы мүмкін. Светлананың шырқыраған даусын естіген көршісі оны арашалап қалды. Жапа шеккен әйелдің құрбысы полицияның әрекетсіздігіне налып отыр.

«Рафик (күдікті) қазір бостандықта жүр. Оған қарақшылық деген айып тағылған жоқ. Оған тек бұзақылық жасады деген айып тағылды», - деді құрбысы Ирина Кальницкая.


Теги: женщина