|
Jol
17.05.2024 | 15:20
4213

Жезқазған қаласының тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды

Cотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Жезқазған қаласының тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды Almaty.tv

Жезқазған қаласының тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды. Медициналық мекемеге сараптамадан өту үшін бара жатқан ол мас күйде жанжал шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйелінің хабарламасынан соң оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар азаматты үйінен алып кеткен. Жағдайы күрт нашарлаған ол көп ұзамай қайтыс болған.

– Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның өлімі кардиомиопатия аясында жедел жүрек жеткіліксіздігінен туындағанын анықтады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Облыс ПД жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша полиция қызметкерлерінің әрекеттері заңды деп табылып, қандай да бұзушылықтар анықтаған жоқ, – деді Жезқазған қаласы ПБ бастығының орынбасары міндетін атқарушы Ерғали Қожабеков.

Оқи отырыңыз: Құқықтық тәртіп: Алматы полициясы 5 мыңнан астам заң бұзғандарды тоқтатты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир