Өскеменде дүкен өртеніп, 9 адам эвакуацияланды

18.10.2020 19:32

Оның ішінде 2 бала бар

inform.kz

Өскемен қаласында дүкен өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенген. 

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 9 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 бала бар. 

«Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығу себебі - жарықтандырылған сөренің апаттық режимде жұмыс істеуінен болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте құтқарушылар объектілердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.