Қызды қуған ер адамның психоневрологиялық диспансерге тіркелгені анықталды
Мәскеу облысы Ступино қаласында 9 жасар қыз артынан подъезге кірген күдікті ер адамнан қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Әлеуметтік желілерде белгісіз біреудің оқушыны аңдып жүрген видеосы жарияланды. Алайда қыз бала оны алдап кетті. Көптеген қолданушылар оқушыны оның тапқырлығы үшін мақтауда. Бірақ видео жасанды деп күдіктенгендер де бар.
Кадрде 9 жас шамасындағы қыздың подъезге кіргені, соңынан ерген белгісіз біреу анық көрінген. Оқушы ер адамды байқап, лифтке кірмей, бұрышқа тығылады. Ал ер адам оны таппай, қайта сыртқа шығып кетеді.
Белгілі болғандай, қызды қуған ер адам психоневрологиялық диспансерге тіркелген. Полиция істі тексеріп жатыр.
Будте внимательны к своим детям! Публикация от Алма-Аты (@alma_ata_online) 20 Янв 2020 в 1:04 PST