Елордада ер адам көпқабатты үйден құлап кетті

05.08.2019 19:32

Елордада «Highvill» тұрғын үй кешеніндегі үйден ер адам құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оқиға туралы полицияның «102» нөміріне қоңырау кеше сағат 18.04 кезінде түсті. Қошқарбаев көшесіндегі үйдің ауласынан ер адамның денесінің табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Ер адамның биік үйден қалай құлап кеткені анықталу үстінде.