Жалғансай ауылында бөгет бұзылды

23.05.2024 19:33

Оны қалыпқа келтіру үшін 900-ге жуық қызметкер мен 100-ден астам техника жұмылдырылды

Almaty.tv

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Жалғансай ауылында бөгет бұзылып, сирена іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

1200-ден аса адамы бар елдімекенде ең алдымен медициналық пункттің суға кету қаупі жоғары болған. Апаттан аман қалу үшін 200-ге тарта тұрғын көрші ауылдарға эвакуацияланып, мектептерге орналастырылды. Ал су бұзған дамбы шамамен түнгі сағат 04:00-те қалыпқа келтірілген, оған 900-ге жуық қызметкер мен 100-ден астам техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, тұрғын үйлер мен нысандарға су кірмеген, зардап шеккен адам жоқ. Қазір ауылда барлық коммуникациялық желі қалыпты түрде жұмыс істеп жатыр. Тасқын қаупі сейіліп, эвакуацияланған азаматтар үйіне қайта бастады.

Оқи отырыңыз: Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды