Ақмола облысында қазандық жарылды: бір жұмысшы қайтыс болды

19.11.2022 19:33

Бұл туралы ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады

ТЖМ

Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"1967 жылы туған отжағушы маман алған жарақаты мен күйік салдарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды", - деді Иманқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы мектеп қазандығы жарылып, салдарынан үш адам зардап шеккені хабарланған еді.