|
Oqıǵalar
21.10.2019 | 14:34

Маңғыстауда ер адам 6 жасар қызды зорламақ болған (фото)

Ол бұрын сотталған болып шықты

Маңғыстауда ер адам 6 жасар қызды зорламақ болған (фото)

Ақтауда 6 жасар қызды көшенің қақ ортасынан бірге ертіп кетіп, зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаға ұстарлық жағдай кеше  болды. Күндізгі 11-лер шамасында белгісіз ер адам 28-шағынаудандағы 11-үйдің жанында 2013 жылы туған қызды алдап, ертіп кеткен және сол маңдағы зиратқа апарып, зорламақ болған. Күдікті өтіп бара жатқан адамды көріп, қашып кеткен.

МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау қаласы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды ұстаған. Ол бұрын сотталған болып шықты.

«Қазіргі уақытта күдікті өз ісін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.