Шымкентте бір жасар бүлдіршін тоққа түсіп, мерт болды
Ашық дереккөзден
Бұл – оқиға тамызда тіркелген екінші жағдай
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте бір жасар бүлдіршін тоққа түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға өткен түнде Нұртас шағынауданында болған. 2021 жылы туған ұл бала ұзартқыш сымға жалғанған электр пешін қолымен ұстап алып, бірден жан тапсырған. Бұл – оқиға тамызда тіркелген екінші жағдай. Бұған дейін электр тоғынан 2013 жылы туған қыз зардап шеккен еді.
«Құрметті ата-аналар! Балаларға абай болыңыздар! Қауіп төндіретін электр қалқандардың, ашық электр желілердің қасында балаларға ойнауға рұқсат бермеңіздер! Тозығы жеткен электр желілерді уақытылы ауыстырып, сақтық шараларды сақтаңыздар», – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Нұрсұлтан Жорабек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31