Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

16.12.2022 в 19:35

Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 15 желтоқсанда елорда уақытымен сағат 20.45 шамасында «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1345 шақырымында, Арал ауданы Шижага ауылының тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes-Benz автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы бойынша толық деректер анықталуда. Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.