Орал маңындағы орманнан әйелдің денесі табылды

16.09.2021 в 19:35

Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Орал маңындағы орман алқабынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция марқұмның жеке басы мен өлім себебін анықтап жатқанын хабарлады.

«15 қыркүйекте түскі екі шамасында Ветелки ауылының жанындағы орман алқабынан әйелдің денесі табылды. Мәйіт марқұмның жеке басын және қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деп хабарлады полиция.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.