«Самара – Шымкент» тас жолында жол апатынан 2 адам көз жұмды
Ашық дереккөз
2 жолаушы жапа шегіп, ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Самара – Шымкент» тас жолында 2 көлік бетпе-бет соғылып, 2 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Одан бөлек 2 жолаушы жапа шегіп, ауруханаға жеткізілді. Жол апаты Қармақшы ауданына қарасты Төребай ауылының маңында болған. Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастағанын және тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Audi автокөлігі мен Volkswagen автокөлігі соқтығысып, жол апаты болды. Салдарынан 2 әйел адам қаза тауып, қайғылы жағдай тіркелді. Құрметті, жолаушылар, жүргізушілер, жолда жүру кезінде ережені қағидаларын қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауларыңызды сұраймыз», – деді Қармақшы АПБ бастығының орынбасары Ақылбек Әмірбеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37