Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаз өлі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
"24 қаңтарда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен 1994 жылғы және 1992 жылғы екі ер адамның өлі табылғаны хабарланды. Екеуі де Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", –делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Салдарынан пәтерде табиғи газ тарап, екі сарбаз көз жұмған. ТЖД үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмылған.