Өскеменде автовокзал маңынан адам сүйегі табылды

02.04.2019 19:35

Бүгін полицияға Абай даңғылында адамның сүйектері табылғаны жайлы хабар түскен

YK-news.kz

Өскеменде автовокзал маңынан адамның бассүйегі мен сүйектері табылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Бүгін 11.00 шамасында полицияға автовокзал ауданындағы Абай даңғылында адамның сүйектері табылғаны жайлы хабар түскен.

«Тасып әкелінген өнеркәсіптік топырақтан бассүйек пен сүйектер табылды. Қазіргі уақытта полиция тексеріс жүріп жатыр», - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.