Балшыққа бала батты

08.05.2024 19:36

Астанада полиция қызметкері жеткіншекті құтқарды

polisia.kz

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.

ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.


Оқи отырыңыз: Ер адам 4-қабаттан құлап кетті