Павлодарда жасөспірім суға батып кетті

25.06.2022 19:36

Ер бала шомылуға болмайтын жерде суға түскен

Павлодарда жасөспірім Ертіс өзенінде суға батып көз жұмды, деп хабарлады Almaty.tv облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 17.57-де 112 нөміріне Ертіс өзенінде ескі теміржол көпірі маңында шомылып жүрген 14 жастағы бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салған жерде болған", - делінген хабарламада.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірімді судан алып шыққан, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.