Алматыда нөмірсіз көлік артқа қарай жүріп, ереже бұзды

23.02.2022 в 20:42

Бейнеден байқағанымыздай, тәртіпбұзушылық Саин көшесінде түсірілген

Алматыда нөмірсіз көлік артқа қарай жүріп, ереже бұзды. Аталған әрекеттің видеосы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланып, көпшіліктің наразылығын туғызып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бейнеден байқағанымыздай, тәртіпбұзушылық Саин көшесінде түсірілген.

Айта кетейік, оқиғаның салдарынан кеше бұл көшеде бірнеше жол апаты тіркелген еді.

«Алматы қалалық полиция депаратменті, жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері осы дөрекі заңбұзушылыққа қатысқан азаматтарды анықтап, міндетті түрде жауапкершілікке тартатын болады. Олардың аты-жөндері белгілі болды, қазіргі таңда тексеру амалдары жалғасып жатыр. Жалпы мұндай дөрекі қылықтарға, әсіресе үлкен, ауқымды мегаполистің төңірегінде жол берілмеуі тиіс», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.