Маңғыстау облысында газбен жылыту қазандығы жарылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол бірнеше рет апатты жағдайда қосылып, ажыратылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы жер үйлердің бірінде газбен жылыту қазандығы жарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Күшті дүмпуден қазандық тұрған сарайдың күл-талқаны шықты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал үйдің иесі «жарылысқа елдімекенде электр жарығының жиі сөнуі себеп болды» дейді. Тоқпен жұмыс істеп тұрған қазандық бұған дейін бірнеше рет апатты жағдайда қосылып, ажыратылған.

20 ақпанда сағат 18:00-де жарық сөніп, сорғы құралы істен шыққан, – деді ауыл тұрғыны Ақиқат Жауынов.

Ауыл әкімінің айтуынша, бұл көшедегі электр желісіне 800-дей жер үй мен 20-ға тарта кәсіпкерлік ғимарат қосылған. Әр нысанның өзіндік трансформаторы бар. Алайда олардың ақаусыз жұмыс істеуін ешкім қадағаламайды. Қазір мамандар кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр.

Зертханалық сараптама тағайындалды. Түпқараған ауданы әкімінің тапсырмасымен демеушілер жылыту қазандығын сатып алды, – деді Ақшұқыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы Айдос Елемесов.

Оқи отырыңыз: Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Новости партнеров