Алматы: Карантин кезінде атқарылатын негізгі шаралар қандай

20.03.2020 19:38

Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмыс істеп жатыр

Фото ©Турар Казангапов

Айта кетейін, елімізде Президент Пәрменімен төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин енгізілген болатын. Басты мақсаты – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және инфекцияның таралуын тоқтату, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізгі шаралар: Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізілуде; Көшелер мен тротуарлар дезинфекциялануда; Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады  және іргелес аумақтар тазаланып жатыр, Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектелді; қалаға кіреберістерде 27 бекет орнатылды; Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмыс істеп жатыр; Алайда қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылған. Сонымен қатар, Карантин кезінде балабақшалардың; азық-түлік емес сауда орындарының; азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылған болатын.

ГРАФИКА – 1

Негізгі шаралар:

• Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;

• Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады;

• Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады және іргелес аумақтар санитарлық тазаланады;

• Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі;

• Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттері орнатылады;

• Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады;

• Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.

ГРАФИКА – 2

Карантин кезінде:

–  балабақшалар;

–  түлік емес сауда орындары;

–  азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.