Зілзала ошағы Кеген ауданында орналасқан
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 25 шілде күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 13 сағат 32 минутта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 122 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген ауданы аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,1. MPV тербелісі – 3,2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы ақпарат: Кеген ауданы, Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілген. Алматы облыстық ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, прокуратура, «Қазауылқорғау» мен басқа да ұйымдарға аталған аймақтағы жағдайды нақтылау үшін хабар берді. Қираған ғимарат пен қаза тапқандар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.