Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді
Алматыда Toyota көлігімен соқтығысып, апат салдарынан жарақат алған мопед жолаушысы ауруханада көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салайық, 28 наурыз күні Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопедтегі курьер жол ережесін бұзып, Toyota көлігіне соғылған еді. Зардап шеккен екі адам бірден ауруханаға жеткізілген болатын. Ал, жол ережесін бұзған мопед жүргізушісіне қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.