Қарағандыда жеңіл автокөлік пен қоғамдық көлік соғысып, салдарынан бір адам қаза тапты

02.03.2021 19:38

Оқиға бүгін таңертең Майқұдық пен Сортировка елді мекендерінің арасындағы жолда болған

liter.kz

Қарағандыда жеңіл автокөлік пен қоғамдық көлік соғысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңертең Майқұдық пен Сортировка елді мекендерінің арасындағы жолда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бетке шығып кетіп №118 бағыттағы автобусқа соғылған. Сау-тамтығы қалмаған көліктегі жолаушы сол күйі тіл тартпай кеткен. Жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. Ал автобустың ішінде болған 45 жолаушы дін аман. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, тиісті сараптама тағайындалды.