|
27.11.2022 | 14:38
2367

Екібастұздағы ЖЭО: жылу желілері 10 жерден зақымданған

Оларды жөндеуге бригадалар жұмылдырылды

Екібастұздағы ЖЭО: жылу желілері 10 жерден зақымданған ru.sputnik.kz

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, ол өзінің бірінші орынбасары, "Павлодарэнерго", қала әкімдігі мен Екібастұз ЖЭО басшылығымен бірге апат болған жерде жүр.

"27 қарашада сағат 11:00-де су үш есе көп тұтынылғаны анықталды. Станцияда тестілеу жүргізілді, нәтижесінде судың азаймайтыны анықталды. Демек жылу желілерінде апат болған", - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бірнеше дрон ұшырылып, жылу желілері 10 жерден зақымданғаны анықталды. Оларды жөндеуге бригадалар жұмылдырылды, қазір апатты жойып жатыр.

Бірақ, әкім бұл жылу желілеріндегі ауқымды апат фактісін жоққа шығармайтынын айтты. Қазір зақымданған жерлерді анықтау үшін арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Әбілқайыр Сқақов тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды өтінді. Тұрғын үй шаруашылығы басшылығы және тұрғын үй жетекшілерімен кездесу өтті. Оларға қазіргі жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.

Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Түнде апатқа байланысты Екібастұз жылусыз қалған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир