Павлодарда ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды

28.12.2022 19:39

Олар ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Павлодарда 2022 жылғы 28 желтоқсанда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ломов көшесі 152/2-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне сағат 10:20-да түскен – бірінші қабаттағы қоқыс жинағыштан (қойма бөлмесіне айналдырылған) өрт шыққан.

"Салдарынан 9-қабаттағы №54 пәтердің тұрғындары, яғни  2000 жылғы азамат пен 2022, 2019 жылы туған балалар иіс газына уланып, ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Теги: Павлодар