Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды

Фото пресс-службы ДЧС Кызылординской области
Фото пресс-службы ДЧС Кызылординской области
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ – ТЖМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


ТЖМ мәліметінше, 11 қазанда таңғы сағат 08.15-те Департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы - 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті.


«Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы - плюс 9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізіледі», – делінген хабарламада.


Новости партнеров