Алматы тауларынан белгісіз біреулер қара топырақты заңсыз тасыған

08.10.2020 19:40

Қалалық Полиция департаменті аталған дерекке байланысты түсінік берді

inform.kz

Алматы тауларынан қара топырақты заңсыз тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті аталған дерекке байланысты түсінік берді. 

«Заң бұзушылар ҚР ҚК 505-бабымен (қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережесін бұзу, инфрақұрылым нысандарын, жасыл желекті жою) іс тіркелді. Олардың әрқайсысына 30 АЕК (83340 тг) көлемінде айыппұл салынды»,– деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Мұның алдында полиция қарап топырақ ұрлағандарды ұстаған болатын. 

Айта кету керек, апорт алма бағын шауып, құнарлы қара топырағын көлікпен алып кетпек болған. 

Алматы қаласы Экология департаментінің қызметкерлері осындай заңбұзушылықтар мәлім болған жағдайда 87015055505 нөміріне хабарласуға шақырады.