БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды
1991 жылғы азамат облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.
«Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істегенін растады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25