Бұл хабарламаны полицейлер БАҚ және әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг кезінде байқаған
Қостанайда полиция қызметкерлері халықты химиялық затпен улап жатыр деген жалған ақпарат таратқан әйелді ұстады, деп хабарлайды Tengrınews.kz Наша газетаға сілтеме жасап.
Ол Instagram-дағы парақшасында коронавирус пандемиясы халықты химиямен улау екенін және Қостанай мен іргелес аудандарда ұшқан белгісіз ұшақ осы мақсатта қолданылады деп жазған. Бұл хабарламаны полицейлер БАҚ және әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг кезінде байқаған.
«44 жастағы қостанайлық анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы «Жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Бап санкциясы 1 000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, я бір жылға дейін бас бостандығын айыру түріндегі жазаны көздейді.