Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге батып кетті

12.09.2023 19:40

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды

стоп кадр

Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды. Мұнда ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткен.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, альпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.