Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

02.07.2023 20:22

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 208-шақырымында болды

instagram/zhetysu.police

Жетісу облысында көліктің нашар техникалық жай-күйі адам өліміне әкеліп соқты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 208-шақырымында болды. Toyota Camry автокөлігі жол бойындағы металл қоршауына соқтығысқан. Көлік жүргізушісі 40 жастағы әйел рөлді басқара алмай қалған.

Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.