Нашақорлықтың жолы кесілмей тұр: полиция ата-аналарды аса сақ болуға шақырды

14.09.2021 19:41

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, бүгінде дәріханаларда сан алуан препарат сатылады

Фото: ашық дереккөзден

Нашақорлықтың жолы кесілмей тұр. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, бүгінде дәріханаларда сан алуан препарат сатылады. Кейбірінің құрамында есірткі заты бар, кейбіреуінде жоқ. Соған қарамастан, адамды есінен адастырады. Мысалы Тропикамид пен Цикломед сияқты көзге тамызатын дәрілерді де есірткі заты ретінде пайдаланады екен. 

«Соның ішінде ең қауіптісі – «Трамадол» препараты. Бұл синтетикалық опиодты анельгетик немесе синтетикалық героин. Дәл осы Трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Себебі нашақор тұмаумен ауырғандай болады. Бір нәрседен уланғандай болып көрінеді. Жасөспірім препаратты пайдаланса, ата-ана байқамай қалуы да мүмкін», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.