Таулы аймақтарға барудан бас тарту қажет
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынның мол болуына байланысты таулы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Елдің шығысында су деңгейі аздап ауытқуы мүмкін деген болжам жасалуда. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда сел қаупі сақталады. Төтенше жағдай болып, өміріңізге қауіп төнген жағдайда жер бедерінің ең биік нүктесіне көтеріліңіз, - деді Жанна Дәуренбекова.
Төтенше жағдайлар министрлігі қолайсыз ауа райы кезінде тауға бармауға, сонымен қатар ақпарат көздерінен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырады. Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.
Оқи отырыңыз:Алматы қаласы бойынша 4-10 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы