Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өрт шықты
ДЧС Алматы
Өрт химия факультеті ғимаратының жертөлесінен шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 13:31 Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжай бойынша жертөледен шыққан түтін туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 13:41-де Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің 5 қабатты ғимаратының жертөлесінен шыққан түтінді анықтады. Әкімшіліктің хабарлауынша, жертөледе сырлау және кеңсе тауарлары сақталады. Есікті бұзып ашу қажет болды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41