Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген адам табылды

13.05.2024 19:42

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

elements.envato.com

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда үздік аула сыпырушы, үздік аула, үздік жасыл желек отырғызушы байқауының қорытындысы шықты