Үш адам көз жұмды: Орынбор облысында кеніште жарылыс болды

23.04.2022 20:06

Орынбор Гай тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, үш адам қаза тапты, 88 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін шамамен 08.50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 09.50-де) тау-кен жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1,2 шақырым тереңдікте жарылғыш зат штаттан тыс жарылып кеткен. 88 жұмысшы эвакуацияланды. Үш адам қаза тапты", - деп хабарлайды Орынбор облыстық прокуратурасы.

Облыс прокуроры Руслан Медведевтің тапсырмасы бойынша аймақ прокурорының бірінші орынбасары мен Гай ауданаралық прокуроры оқиға орнына барды.