Өскеменде үй алып берем деп 5 млн теңге алған әйел ұсталды

25.07.2019 19:43

news.yandex.ru

Өскеменде 48 жастағы әйел ұсталды. Ол баспана алып беруге көмектесемін деп адамдардан ақша алған, деп хабарлайды  YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, 23 шілдеде 52 жастағы әйел алаяқтық фактісі бойынша полиция бөлімшесіне шағымданған.

«2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынып, алаяқтық жолмен 5 200 000 теңге көлемінде ақшаны иемденіп алған», - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін де бірнеше рет істі болған 1971 жылғы әйел өз кінәсін мойындады. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.