|
01.08.2021 | 14:43
5012

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза болды

Көлік апаты «Ленинский-Русская поляна» тасжолында болған

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза болды Pavlodarnews.kz

Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік апаты «Ленинский-Русская поляна» тасжолында болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде күні сағат 17:30 шамасында «Volkswagen Passat» және «Toyota Carina» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үш адам көз жұмды.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Ауыр соққыдан 51, 49 жастағы екі әйел жән, 52 жастағы ер адам қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел зардап шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушылар түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир