Ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр
Павлодарда 59 жастағы ер адамның аяғына ампутация жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
103 жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 10:54-те Успен көпірі маңындағы теміржолда ер адамның аяғын пойыз басып кеткені туралы хабарлама түскен.
«Зардап шеккен 59 жастағы ер адам болып шықты. Көптеген жарақат, аяқтың травматикалық ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок және басқа да жарақаттар анықталды», - деді станцияда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 59 жастағы ер адам ота жасалғаннан кейін жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлады.