Петропавлдағы шаңғы базасында ауыр жарақат алған әйел ауруханада жан тапсырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәрігерлер екі мәрте ота жасаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда рұқсат етілмеген төбешіктен сырғанап, ағашқа соғылған әйел ауруханада жан тапсырды. Борки кентіндегі шаңғы базасында ауыр жарақат алып, комаға түскен азаматша кеше таңертең көз жұмғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыдан бір апта бұрын, рұқсат етілмеген жерден сырғанауға барған 37 жасар қала тұрғыны ағашқа соғылып, қатты зардап шеккен еді. Бас сүйегі жарақаттанған науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Дәрігерлер екі мәрте ота жасап, әйелді аман алып қала алмады. Қайғылы оқиғадан кейін сырғанақ жабық тұр.

«Зардап шегуші қыз Петропавл қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханасында жатты. Аптадан артық комада болды. Дәрігерлер екі ота жасады. Өкпені жасанды желдету аппаратын қосқанымен, еш нәтижесе шықпады. Өкінішке қарай, кеше таңертең қайтыс болды», – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы  Гүлнар Қалиева.

Новости партнеров