Құтқаруға келген жол полицейлері 1000-нан астам адамды ашық жолға алып шыққан
Ел аумағында әлі де ауа-райы тосын мінез танытуда. Мына әуесқой бейнежазбада, түн ортасында Теміртаудан Нұр-Сұлтанға жол тартқан 500-ге тарта автомобильдер керуенін көруге болады. Бұл қар құрсауында қалып қойған жолаушылар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оларды құтқаруға келген жол полицейлері, жартылай тазартылған дәліз арқылы 1000-нан астам адамды ашық жолға алып шыққан. Боранды күні тәуекелге бел байлап сапарға шыққан, жүргізушілердің құтқарушыларына алғысы шексіз.