Қостанайда төртінші қабаттан арқанмен түспек болған әже көз жұмды

27.05.2019 19:43

80 жастағы әйел ұлы екеуі үйдің 4 қабатында тұрған

Иллюстративное фото

Қостанай қаласында 80 жастағы әжей көпқабатты үйден арқан арқылы түспек болып, құлап кеткен, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«80 жастағы әйел ұлымен бірге үйдің 4 қабатында тұрған. Сырқаттанып жүрген ол далаға терезе арқылы шықпақ болады. Киім-кешектерден арқан жасап, төменге түсе берем дегенде, кенет арқан үзіліп кетіп, әйел көз жұмды. Бұл уақытта ұлы жұмыстарымен көшеде болыпты», - делінген хабарламада.

Полицейлер кісі өлімінің нақты себептерін жариялаған жоқ. Бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.