Герат қаласынан 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды
Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Батыс Ауғанстанды дүр сілкіндірген қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000-нан асқан. Әлі де іздестіру жұмыстары жалғасуда.
7 қазанда күндіз елдің батысында Герат қаласынан 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық қуатты жер сілкінісі болды. Кемінде үш ірі афтершок болған.
Табиғи апат министрлігінің ресми өкілі Жанан Сайық молла Reuters агенттігіне 2 053 адам опат болғанын, 9 240 адам жараланғанын, 1 329 үй қирап, бүлінгенін айтты.
Оқи отырыңыз: Мароккодағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артты