Ойыннан өрт шықты: Павлодарда жасөспірімдер төбелесіп, бір оқушы ауруханаға жеткізілді

15.03.2024 18:44

Кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылған

Almaty.tv

Павлодарда жасөспірімдер төбелесіп, бір оқушы бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кейіннен анықталғандай, 4-сынып оқушыларының арасындағы жанжал ойыннан туыпты. Полиция департаменті аталған істің сотқа жіберілгенін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылған.

– Бас ми жарақатымен түскен жағдайда орташа деңгейдегі ауырлықта болады. Балаға емдік диагностикалық шаралар өткізілді. Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ешқандай шағым жоқ. Емін толық алып жатыр, – деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Талғат Қасымбеков.

Оқи отырыңыз: Алатау ауданында 8 мектеп салынады