Тиісті сараптамалар тағайындалды
Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегінде велосипед теуіп келе жатқан адамды қақты. Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ыстықкөл облысының Комсомол ауылында велосипед мінген 58 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты.
16 шілдеде сағат 07:40 -та Балықшы — Ананьево-Қаракөл тас жолының 97 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Полицияның мәліметінше, 41 жастағы Lexus rx330 жүргізушісі Комсомол ауылында Nissan Micra көлігімен соқтығысқан. Өз кезегінде ол рөлге ие бола алмай, жол шетінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қаққан. Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.