Талғарда көпірден құлаған ер азаматты 15 жастағы бала құтқарып қалды

03.06.2020 19:44

Аман қалған жігіт ауруханада жатыр

Талғарда көпірден құлаған ер азаматты 15 жастағы бала құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір аман қалған жігіт ауруханада жатыр. Оның аяғы сынған. Денсаулық жағдайы орташа деп жазады әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде құтқарған жігіттің туыстары. Ал, көпірден қалай құлағаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полицейлер шақыртылған. Мән жайды нақтылап жатыр.