Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

03.03.2020 19:45

22 адам хабар-ошарсыз кеткен

bars.media

Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты. Амапа штатында жолаушылар тасымалдайтын «Анна-Каролина III» кемесі Бразилияның солтүстігінде  аударылған, деп хабарлайды Almaty.tv. 

22 адам хабар-ошарсыз кетіп, 46 адам құтқарылған. Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды құтқарушылар мен әскери қызметкерлер іздестіріп жатыр. Оқиға орнында әскери-теңіз тікұшақтары да жүр. Ал бортта неше адамның болғаны нақты белгісіз. 

Алдын-ала болжам бойынша апатқа қатты жел себеп болуы мүмкін