Қостанай облысында өрттен 42 жасар ер адам мерт болды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Өрт сөндірушілер бықсып жанған үй заттарын, жиһаз, жанғыш бөліктерді сумен сөндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Меңдіқара ауданының тұрғыны өз пәтерінде иіс тиіп қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 30 мамырға қараған түні болған. Алешинка ауылының тұрғындары үйінен түтін иісін сезген. Көрші пәтерде 1979 жылғы, алкогольді ішімдікке жиі салынатын жалғызбасты ер адам тұрған. 

«Көршілер сағат 00:18-де өрт сөндіру қызметін шақырды. Ауыл мен өрт сөндіру қызметі бөлімірнің арасы – 30 шақырым. Үй тұрғындары өрт сөндірушілер келгенше пәтер терезесін сындырып, ішке кірген. Үйдің жартысы түтінге оранған. Бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде төсек жабдықтары бықсып, жиһаз өртенді. Үй иесі көрші бөлмеде еденде жатқан. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар оны аулаға шығарды. Бірақ ер адам оқиға орнында көз жұмған»,– деп хабарлады ведомстводан. 

Өрт сөндірушілер бықсып жанған үй заттарын, жиһаз, жанғыш бөліктерді сумен сөндірді. Жалын сағат 01:20-да ауыздықталып, 01:50-де толық сөндірілді. 

«Ауыл тұрғындары өрт сөндірушілерге жалынды сөндіруде көп көмек көрсетті. Олар аулалық ұңғымадан (скважина) судың тоқтаусыз келуін қамтамасыз етіп берді. Оқиға орнында ТЖД зерттеу-сынақ жүргізу өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда»,– деп түйіндеді ТЖД-дан.

Новости партнеров