Бір жылда еліміздегі мекемелерде 130-ға жуық адам қаза тапқан

06.12.2019 19:45

Бұл туралы ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетіндегілер хабарлады

inbusiness.kz

Қызметкерлердің еңбек шарттарын жақсартып, олардың сол кәсіпорындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бүгін Алматыдағы отандық компаниялардың жетекшілеріне арналған семинарда талқыланды. Бас мемлекеттік еңбек инспекторлары, денсаулық сақтау Министрлігінің және кәсіп одақ ұйымдарының өкілдері зауыттар мен фабрикаларда өлім-жітімді болдырмау шараларын қарастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан әлі өндірістегі қайғылы жағдайлары өте жоғары. Еуропа елдерімен салыстырғанда, біздің қызметкерлеріміз 1000 адамға шаққанда екі есеге жақын қайғылы жағдайларға душар болып отыр. Соның негізгі мәселесі – оны азайту. Өндірістегі қайғылы жағдайлардың деңгейін төмендету», - деді Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Серікқали БИСАҚАЕВ.

Парламент қазір жұмыс орындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жазаны күшейту бойынша Еңбек кодексіне өзгертулер енгізуді қарастырып жатыр. Одан бөлек, қызметкерлерді оқыту және аттестациялау ережелері қайта қарастырылатын болады. Ал қазір еңбек шарттарындағы қауіпсіздікті қалалық санитарлық қызмет тексеруде. Бір жыл ішінде олар қаладағы бірқатар мекемені тексеріп, 10 шақты заң бұзушылықты тіркеген.