Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Елордада банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түн ортасында Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінің ғимаратына екі азамат есік сындырып кірмек болған. Алайда қаскүнемдер күзет дабылының іске қосылуына байланысты көздеген мақсаттарына жете алмапты. Қылмыс жасалған жерге күзет кәсіпорындарының қызметкерлері де жедел жеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.